Байқоңыр ауданында тұрғын үйлерге 200-ден аса дабыл қондырғылары орнатылды
фото: Байқоңыр ауданы әкімдігі/instargaram
Елорданың Байқоңыр ауданында жылыту маусымына байланысты сақтық шараларын күшейту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Байқоңыр ауданы әкімдігінің хабарлауынша, тұрғын алаптар мен жеке секторлардағы үйлерге арнайы дабыл-қондырғыларын орнату, мұржаларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Астана қаласы Байқоңыр аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
«Байқоңыр ауданы бойынша биыл 15 тамыздан бастап жеке сектордағы үйлерге 200-ден аса арнайы дабыл қондырғылары орнатылды. Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:24
Елордада Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай халықаралық конференция өтті
Бүгін, 10:05
Астана – заманауи саяхат қаласы: қорытындылар мен жаңа бастамалар
Бүгін, 09:29
LRT құрылысы: Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
23 қазан, 2025
Орны бөлек 30 жыл: Ғалым Қожабеков «Аstana aqshamy» газетіндегі еңбек жолы жайлы
