00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бассейндерге шолу: Астанада қайда жүзуге болады?

19 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бассейндерге шолу: Астанада қайда жүзуге болады?
коллаж Elorda.info

Суда жүзу арқылы денсаулықты нығайтып, сырт келбетті де ажарландыруға болады. Жүзу адамның өзін-өзіне сенімділігін, жұмысқа деген құлшынысын, белсенділігін арттырады. Бүгінгі таңда кез келген жанның суда жүзумен айналысуына мүмкіндік бар. Жаз мезгілінде адамдар суға шомылуды ұнатқандықтан, Elorda.info тілшісі бас қалада суға түсуге болатын әрі бағасы қолжетімді 5 бассейн туралы ақпарат жинады.

1. «Алатау» спорт кешені

Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы 1/1

Бағасы: Ересектер – 1800 теңге, студенттерге - 1200 теңге, балалар - 1000 теңге.

Анықтама: Спорт кешенінде ұзындығы 50 метр және ені 25 метр, тереңдігі 4 м-ге дейін, 8 жолға бөлінген Олимпиадалық жүзу бассейні орналасқан. Жұмыс уақыты сағат таңғы 8:00-ден түнгі 22:00-ге дейін. Жексенбі күні 9:00-ден басталады. Дүйсенбі – демалыс күні.

2. «Астана» спорт кешені

Мекенжайы: Сарыарқа даңғылы 21

Бағасы: Ересектерге - 1000 теңге, 14 жасқа дейінгі балаларға – 500 теңге. Ескерту: 6 жасқа дейінгі балалар бассейнге кіргізілмейді. 

Анықтама: Жабық бассейн «Астана» спорт кешенінің екінші қабатында орналасқан. Бассейннің ұзындығы - 25 метр, ені – 12 метр. 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың бассейнге ересек адаммен ғана кіруіне рұқсат етіледі.

3. Fitnessastanaa2- ЖК Триумф Астана

Мекенжайы: Қабанбай батыр даңғылы, 11

Бағасы: ересектерге – 7000 теңге, 16 жасқа дейінгі балаларға – 5000 теңге.

Анықтама: Келушілер жылы бассейнде (27-28 градус)  3 сағат демалуға мүмкіндік алады. Балалар бассейні – 33,5 градус. Онда демалушыларға арналған фин және инфрақызыл сауналары мен түрік хамамы бар.

4. «Оазис» - демалыс аймағы

Мекенжайы: Орталық қалалық саябақ

Бағасы: Ересектерге – 7000 теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға – 5000, ал 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге – тегін. Демалыс және мереке күндері баға 1000 теңгеге қымбат.

Анықтама: Демалыс аймағына кіру билетін онлайн алуға болады. Дүйсенбі күні техникалық жұмыстар жүргізіледі, сондықтан ол күні жеңілдіктер қарастырылған. Демалушы өзімен бірге тамақ алып келген жағдайда демалыс орнына кіру құны өзгереді. 

5. Жастар сарайы

Мекенжайы: Республика даңғылы, 34

Бағасы: Ересектерге – 500 теңге, балаларға – 300 теңге.

Анықтама: Бассейн күн сайын сағат 08.30-дан 19.30-ға дейін жұмыс істейді. Зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, мектеп оқушылары мен студенттерге жеңілдік бар. Жүзуді үйрету бойынша жеке сабақтарға арналған жүзу жолы да бар. Дүйсенбі – демалыс күні.