Байқоңыр ауданында 600 бала жаңа жылдық мерекеге қатысты
19 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
Бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданында 600 баланың қатысуымен жаңа жылдық іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Балақайларымыз үшін көптен күткен - Шырша мерекесі өтті. Бұл аудандағы жыл сайынғы басты жаңа жылдық іс-шаралардың бірі болып табылады. Бүгінгі аудандық шыршаға 600 жас астаналық қатысты, - деді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Олардың ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, ерекше қажеттіліктері бар, дарынды және оқуда, спортта, шығармашылықта және т. б. жетістіктерге жеткен балалар бар.
Мерекелік шара балаларға арналған сахналық қойылыммен жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар