00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүгін елордадан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды

31 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін елордадан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды
фото:gov.kz

Елордадағы коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Мәселен, 31 қаңтар күні кешке қар тазалау жұмысына 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кешке қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 211 жол жұмысшы мен 1052 арнайы техника жұмылдырылды.

Бір күнде қаладан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілі басталғалы елордадан барлығы 3,3 млн текше метр қар шығарылды, ол үшін полигондарға 246 мыңға жуық рейс жасалды.