00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтар Астана күнінде неше күн демалады?

1 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтар Астана күнінде неше күн демалады?
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар Астана күнінде 4 күн демалады, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі «Демалыс күнін 2023 жылға ауыстыру туралы» қаулысында жазылған.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден демалыс күні 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстырылды.

Осылайша, Астана күні қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.

28 маусым – Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні.