Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттегі №2 Оқушылар сарайында теннис ойнады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Шымкентке жұмыс сапары барысында №2 Оқушылар сарайын аралап көрді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Заманауи қосымша білім беру орталығында мультимедиялық сыныптар, зертханалар, шығармашылық студиялары, коворкинг аумақтары қарастырылған. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балалар да емін-еркін білім алады. Нысан Президенттің 2022 жылы қалаға келген кезінде берген тапсырмасына сәйкес салынып, пайдалануға берілген.

Бүгінде Оқушылар сарайында 5 мыңға жуық бала алты бағыт бойынша 65 үйірмеге қатысады. Білім беру бағдарламасы жан-жақты дамыған, жаңаша ойлайтын әрі шығармашылық қабілеті зор тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекет басшысы орталықпен танысып шыққан соң оқушылармен әңгімелесті.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:50
Астана қаласы әкімі Elorda Aqparat медиахолдингінің қызметкерлерін марапаттады
Бүгін, 17:44
Дарын Мұстафин аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында қола жүлде алды
Бүгін, 17:04
Елордада Республика күні қарсаңында мәдениет саласы қызметкерлері марапатталды
Бүгін, 16:05
Астанада коммуналдық қызмет саласының үздік қызметкерлері марапатталды
