04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астананың Нұра ауданында заңсыз сауда жасаған павильондар алынып тасталды

|
Photo: фото: Instagram/ Нұра ауданы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астананың Нұра ауданында заңсыз сауда жасаған павильондар алынып тасталды

|
Photo: фото: Instagram/ Нұра ауданы әкімдігі

Астананың Нұра ауданында ШОБ нысандарының жер телімдерінің нысаналы мақсатына сәйкес қолдануына мониторинг жүргізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тексеру нәтижесінде жыл басынан бері аудан аумағынан 36 коммерциялық нысан жойылды. Кәсіпкерлер заңсыз кәсіп жүргізуден бөлек, мемлекеттік жер телімдерін өз бетінше басып алумен де айналысқан: тротуарлар мен автотұрақтарға павильондар орнатқан. Сондай-ақ павильон иелері электрмен жабдықтау желілеріне рұқсатсыз қосылған.

«Аудан әкімдігі, Жер ресурстанын басқару департаменті, «Астана-РЭК», Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, «Астана-ӘКК» қызметкерлері кәсіпкерлікті заңдастыру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген аудандық әкімдіктің Instagram желісіндегі парақшасында.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗