Астананың бес мектебі еліміздің топ-100 мектебі тізіміне енді

30 мамыр, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астананың бес мектебі еліміздің топ-100 мектебі тізіміне енді
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті орта білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау жүргізіп, еліміздегі ең үздік 100 мектепті анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астанадағы топ-5 мектеп мыналар:

1.Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы

2.№73 мектеп-лицейі

3.Шейх Халифа бен Заида аль-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейі

4.Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі

5.Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гиназиясы

Үздік мектептер бағалау кезінде білім беру сапасын сырттай бағалау нәтижелері, мектептерге арналған PISA және PISA халықаралық зерттеулеріне қатысу, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі деректері (ББЖМ), мемлекеттік аттестаттау қорытындылары, оқушылардың жетістіктері, педагогтердің біліктілігі, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, тәрбие жұмысының тиімділігі, қолайлы мектеп ахуалы, ғылыми, экологиялық және әлеуметтік жобаларға қатысу бойынша бақылау және бағалау іс-шараларының қорытындылары негізінде кешенді талдау жүргізілді. Сонымен қатар басқарудағы ашықтық қағидаттары да ескерілді.

Аталған тізімге Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан өзге де аймақтар енді.

Айта кетейік, Қазақстанда 8 мың мектеп жұмыс істейді, онда 3,9 миллионнан астам бала оқиды және 412 мың педагог еңбек етеді.