Астаналық жас суретшілерге оқу-сауықтыру лагеріне жолдама беріледі
Астана қаласының білім басқармасы оқушылар арасындағы үздік сурет байқауының жеңімпаздарын анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Жүлделі орындардың иегерлеріне «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріне жолдама табыс етіледі.
Биыл 25 маусым мен 7 шілдесі аралығында елордалық білім басқармасы балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп «Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі» үздік сурет байқауын өткізді.
«Байқаудың тақырыбы «Таза Қазақстан» экоакциясы, қала мен табиғатқа ұқыпты қарау. Instagram-да Астана әкімдігінің ресми аккаунтына жазылып, Instagram-да суреттер жариялау және #тазаастананың, #экоакцияастанның хэштегтерін белгілеу қажет болды. Бауқауға 80-ге жуық оқушы суреттерін жіберген», - деп көрсетті қалалық білім басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.