Астаналық полицейлер «Таза Қазақстан» акциясын өткізіп жатыр
«Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы шеңберінде Астана қаласының Полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар көше-жол желісіне, құрылыс нысандарына зерттеу жүргізу бойынша мобильді топтар құрылды.
Акция барысында полицейлер құрылыс нысандарынан жолдардың ластануының 21 фактісін анықтады.
Құрылыс салушылар жолды бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Жүк автомашиналарының дөңгелектерін эстакадалық нұсқада жуу пункттеріне 23 хабарлама берілді.
Сондай-ақ анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар жойылғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұру туралы 8 ұйғарым берілді. Техникалық ақаулары бар және сырты лас көлік құралдарын құрылыс нысандарынан шығару фактілері бойынша 3 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тәркіленді.