00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық Ботаникалық бақта йога сабағы өткізіледі

Астаналық Ботаникалық бақта йога сабағы өткізіледі
Elorda.info

Funny Sport жобасы аясында 4 тамызда елордадағы Ботаникалық бақта «Кемпинг» ұйымдастырылады. Іс-шара аясында таза ауада йога сабағы өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға қатысушылар үшін әйгілі GetFit фитнес-студиясының кәсіби жаттықтырушысының жетекшілігімен ашық ауада йога сабақтары ұйымдастырылады.

Бағдарламада сонымен қатар талантты DJ және танымал Bonapart әртісі ерекше музыкалық қойылымдармен мерекенің сәнін келтіреді. Іс-шара 18:00-де басталып, 21:00-ге дейін жалғасады.