00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық спортшылар «Менің елім – менің туым» акциясын қолдады

Астаналық спортшылар «Менің елім – менің туым» акциясын қолдады
Фото: Қазақстан бокс федерациясынан

Астанада үшінші жыл қатарынан «Менің елім – менің туым» акциясы өтіп жатыр, ол ҚР Мемлекеттік Туын насихаттауға бағытталған. Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында елорда жастары «Менің елім – менің туым!» челленджін қолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекеге орай жастар осындай ерекше акция ұйымдастырып, үйлердің балкондарына 1 мыңға жуық ту ілді.

Елорда жастары бастаған акцияны елімізге танымал спортшылар да қолдап, бірі өз балкондарына ту ілсе, енді бірі әнұранды шырқады. Олардың қатарында MMA спорт түрлерінен Астана қаласының аға жаттықтырушысы Нұрлан Қарабалин мен бокстан жастар арасында Азияның екі дүркін және 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының жеңімпазы Темірлан Мұқатаев бар.

«Мұндай бастамалар жастар арасында патриотизмді нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Спорт арқылы біз өзіміздің күшімізді ғана емес, рухани байлығымызды да көрсетеміз. Әрбір жетістік – еліміз үшін мақтаныш, сондықтан біз өз жетістіктерімізбен Отанымызды одан әрі дамытуға үлес қосуымыз керек», - деді ауыр салмақтағы бокс шебері Темірлан Мұқатаев.

Сондай-ақ, ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы елордалық Едіге Емберді Республика күні қарсаңында Мемлекеттік Гимнді орындап, әлеуметтік желіге жүктеді.