00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада заңсыз жүрген 24 шетелдік азамат ұсталды

13 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада заңсыз жүрген 24 шетелдік азамат ұсталды
ашық дереккөз

Елордалық полиция департаменті көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 10-14 сәуір аралығында «Елден шығарылғандар» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шараның екі күнінде елордалық гарнизон қызметкерлері бұрын Қазақстаннан тыс жерге шығарылған, алайда сот шешімін орындамай, ел аумағында заңсыз жүрген 24 шетелдік азаматты анықтады. Іс-шараны өткізу барысында Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматы анықталды, ол сот шешімімен 2021 жылы елден шығарылған. Елден мәжбүрлеп шығару үшін шетелдікке қатысты 30 тәулік мерзімге қамауға алуға шешім шығарылды. 

Астана қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта барлығы 14 шетелдікке қатысты елден мәжбүрлеп шығару үшін 30 тәулік мерзімге санкцияланған қамауға алу туралы шешім қабылданды. 10 шетелдік азаматты елордалық әуежайға дейін алып барып, мәжбүрлі тәртіпте Қазақстаннан шығарылды. 

Полицейлер елден шығару туралы шешімді орындамау қылмыс болып саналатынын және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтті. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдіктердің елордада болуын, олардың шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын, уақытылы елден шығуын тұрақты негізде бақылайды. Қала аумағында заңсыз көшіп-қонушылар мен ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмеген құқық бұзушыларды анықтауға жүйелі түрде рейдтер жүргізіліп жатыр.