00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық оқушылар сабақты көркем шығарма оқумен бастайды

7 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық оқушылар сабақты көркем шығарма оқумен бастайды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Оқу жылының екінші тоқсанынан бастап Астананың барлық білім беру ұйымында «8 минуттық көркем әдебиет оқу» жобасы басталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып отырған жоба аясында балалар күнде 8 минут кітап оқиды. Яғни, әр ауысымның алдында сабақ басталмас бұрын 8 минут уақытын кітап оқуға бөледі.

Бұл жобаны бастаудағы мақсатымыз әрбір оқушы көркем әдебиет оқыса екен дейміз. Себебі, кітап оқыған оқушының білімі, ой-өрісі кеңейеді. Кітап оқудың пайдасы орасан зор. Сөздік қордың көбеюіне, мидың күнделікті жаттығуына және есте сақтау қабілетінің жетіліп, баланың шығармашылық ойлау жүйесін жақсартады. Одан өзге білім сапасын көтеруге тигізер әсері мол. Сол себепті осы жобаны ойлап тауып, мектептерге енгізіп отырмыз, - дейді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Сондай-ақ, мектептерде «Буккросинг» бұрыштары ашылады. Онда оқушылар бір-бірімен кітап алмасады.

Мектептердің фойелерінде орналасқан оқушыларға арналған коворкинг аймақтар да балаларға арналған.

Бүгін біздің мектепте «8 минуттық оқу» кітап оқу жобасы басталды. Біз бүгіннен бастап бірінші сабақтың алдында көркем әдебиет оқу жобасын бастадық. Мен Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасын оқуды бастадым. Бүгін 8 минутта 5 бет оқыдым. Демек бір айда осы қарқынмен толық бір кітапты аяқтайтын секілдімін.
Осы кітапты аяқтаған соң басқа шығармаларды оқи аламын. Кітап оқу жобасының басталуына қатты қуандым.
Өйткені, талап етпесе кітап оқуға көңіл бөлмейтініміз жасырын емес. Бәріңізді кітап оқуға шақырамын, - дейді №90 мектептің 5-сынып оқшысы Әмина Сәрсенбай.