Астаналық оқушылар құрақтан Сәкен Сейфуллиннің портретін жасады

Фото: Астана қаласының Білім басқармасынан
Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен оқушылары төртбұрышты құрақтан биіктігі 6 метр және ені 4,5 метр болатын үш бәйтеректің бірі бейнеленген портретті жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қолдан жасалған көлемді қолөнер жұмысында Сәкен Сейфуллин бейнеленген. Жұмысты жасау үшін бір жарым ай уақыт жұмсалған. Шеберлер 2 700 төртбұрышты құрақшаны қолданған. Бұл әсерлі жұмыс көпшіліктің ықыласына бөленіп, мектептің құнды бұрышына айналды.
Айта кетейік, мұғалімдер мен оқушылар бұл қолөнер жұмысын Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арнады.
Ұқсас жаңалықтар

3 қыркүйек, 2025
Елордаға тәжірибе алмасу үшін шетелдік дәрігерлер мен медагенттер келді

3 қыркүйек, 2025
Астанада халық жазушысы Төлен Әбдік дәріс оқыды

3 қыркүйек, 2025
Астанада жұмыс кестесінің өзгеруі: бұл қай мекемелерге әсер етеді

3 қыркүйек, 2025
Астанада М.Жұмабаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды