Астаналық еріктілер әйелдерге мыңнан аса қызғалдақ сыйлайды
7 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шокаладтарды әйел адамдарға қаланың тұрғындар тығыз қоныстанған жерлерінде таратуда. Акция жыл сайын өткізіледі, деп хабарлайды Elorda.info.
Біздің мақсатымыз – нәзікжандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін, - деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.
Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді.
Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл-күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін! - деді Айнұр Смайылова.
Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.
Ұқсас жаңалықтар