Астаналық емханаларда ашық есік күндері өтіп жатыр

27 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық емханаларда ашық есік күндері өтіп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Астанадағы барлық емханада балалар денсаулығының алдын алуға бағытталған іс-шаралар басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ашық есік күндері аясында емханаларда хирург, ЛОР-дәрігер, көз дәрігері, невропатолог, тіс дәрігері, педиатр және басқа да мамандар кеңес береді.

Сонымен қатар балалардың қалауы бойынша аудиоскрининг жүргізіледі, сондай-ақ баланың даму кабинетін аралау қарастырылған.

Барлық іс-шара «Дәрігер – балалардың жанашыры» ұранымен өтіп жатыр. Ашық есік күндері әр емханада әртүрлі күндері және уақыттарда ұйымдастырылады. Барлық ақпарат медициналық ұйымдардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланған. Толығырақ ақпаратты учаскелік дәрігерден алуға болады.