00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық ардагерлер флешмоб өткізді

21 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық ардагерлер флешмоб өткізді
Фото: дереккөз

Астанада 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған «Денсаулық флешмобы» өтті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Есіл ауданы әкімдігі ұйымдастырды.

Есіл ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда өткен флешмобқа ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер арнайы фитнес нұсқаушысының жетекшелігімен жаттығулар өткізді.

8fc8f1c93b2fe3f22389adfead9977b1_1280x720.jpeg

Бұдан басқа, алдағы уақытта Есіл ауданы әкімінің аппараты тұрақты негізде теплоходпен сапарлар жасап қаланың көрікті жерлеріне баруды жоспарлап отыр.

Іс-шара соңында өздеріне көрсетілген ықылас пен қошеметке риза болған қарттар алғыс айтып, естелік суретке түсті.