00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада жыл басынан бері 700-ден астам интернет-алаяқтық тіркелген

12 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада жыл басынан бері 700-ден астам интернет-алаяқтық тіркелген
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жыл басынан бері елорда аумағында 749 интернет-алаяқтық тіркелген. Азаматтарға келтірілген залал 500 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта қылымыстың бқл түрінің 13,6%-ға төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Elorda.info.

Елімізде цифрландыру жаппай сипат алуда. Мәмілелер, ақша қаражаттарын сатып алу, аудару, мемлекеттік қызметтерді алу және т.б. қашықтан, жеке қатысудың қажеттілігінсіз жасалғаны алаяқтар үшін қолайлы жағдайлар тудырады.

Интернеттегі алаяқтықтың алдын алудың алғашқы және маңызды қадамы – хабардар болу. Азаматтар интернеттегі күдікті сұрауларға, сілтемелер мен ұсыныстарға мұқият болу қажет. Сонымен қатар қиын парольдер мен қауіпсіз қосылымдарды пайдалану керек.

Астана қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы алаяқтардың негізгі схемаларын атап өтті. Олар: жасанды интеллектті пайдалану арқылы банктердің қауіпсіздік қызметі немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар, әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларда тауарлар мен қызметтерді сату, фишингтік сайттарды пайдалану, криптовалютаға, бағалы қағаздарға және т.б. инвестициялау, What's App мессенджеріне заңсыз қол жеткізу.  

Елорда тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында Астана қаласы Полиция департаменті мен әкімдік қызметкерлері бірлесіп волонтерлік қозғалыстарды тарта отырып, тұрақты негізде іс-шаралар мен акциялар өткізеді.

Бүгінге дейін интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау туралы түсіндірмелері бар буклеттер мен жадынамалар тарату бойынша акциялар ұйымдастырылып, оқу, медициналық мекемелерде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда дәрістер өткізіліп келеді. Жерге трафареттер салынып, сауда ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, базарларда, супермаркеттерде аудио таратылып, қалалық автобустарда аудио-бейнероликтер көрсетілуде және әлеуметтік желілерде профилактикалық сипаттағы материалдар таратылуда, - делінген ақпаратта.