Астанада «Zhas Project» жобасына өтінімдер қабылдау басталды
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Zhas Project» жобасының басталуы туралы «Даму Қазақстан қауымдастығы» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Анара Битебаева мен Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
«Zhas Project» – әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы халықтың осал топтарын, NEET санатындағы жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Жоба жастарды қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге көмектеседі.
«Zhas Project» Мәдениет және ақпарат министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша іске асырылуда. 2022 жылы бұл жоба Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске асырылды. Биыл жоба республикалық маңызы бар барлық өңірлер мен қалаларда іске асырылуда. СҚО мен Астана қаласындағы жобаның орындаушысы – «Қазақстандық Даму қауымдастығы» ЗТБ ұйымның әртүрлі бағыттағы 30-дан астам жобаны іске асыруда тәжірибесі бар, - дейді А.Битебаева.
«Zhas Project» негізгі мақсаттары – жастарды, NEET санатын, жастардың осал топтарын дамыту үшін жағдай жасау, қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлік және кәсіби өсу бойынша жаңа білім мен дағдыларға үйрету. Жоба арқылы NEET санатындағы жастар өз идеяларын жүзеге асыруға, қажетті білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік алады.
Еліміз бойынша «Zhas Project» жобасы аясында жастардан өтінімдер 9 қазаннан бастап 22 қазан сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Конкурс шеңберінде СҚО бойынша 8 жеңімпаз анықталады, шағын грант сомасы 1 000 000 теңгеге дейін. Астана қаласына – 20 шағын грант, СҚО-да – 8 шағын грант бөлінеді. Өтініш беруші конкурсқа қатысу үшін тек бір әлеуметтік жобаны ұсына алады. Конкурстың әлеуетті қатысушылары үшін әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізілуде, 9-24 қазаннан бастап жобалық офис және колл-орталық кеңес береді. Өтінімдерді конкурстық іріктеу 2 кезеңнен тұрады. Техникалық яғни өтінімдер мен құжаттаманың іріктеу ережелеріне сәйкестігін тексеру және конкурстық комиссияның отырысы. Комиссия құрамына КЕҰ, бизнес, білім беру мекемелерінің өкілдері кіреді.
Іріктеу нәтижелерін қорытындылау және жариялау 1 қарашада ұйымдастырушының интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады.
Әлеуметтік жобаны іске асыруға арналған шағын гранттың мерзімі 2 айдан аспауға және сомасы 1 миллион теңгеден аспауға тиіс. Шағын гранттарды іске асыру кезеңінде әлеуетті қатысушылар грантты іске асыру сапасын тексеру мақсатында мониторингтік топ жұмыс істейтін болады. Барлық қатысушылар есепті, фотосуреттерді, бейнелерді және пікірлерді тапсыруы керек. Өтініш беруші ұсынған жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы керек. Жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша осы жылдың қараша айында үздік жобалар форумы мен көрмесі өткізіледі.
Елордада іске асырылып жатқан жастар саясаты туралы, нақтырақ айтқанда, NEET санатындағы жастар оқу оқымайды, жұмыс істемейді. Оларды әлеуметтендіру үшін басқармамен бірқатар шаралар іске асырылады. Мысалы, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық буклеттер таратылады, тоқсан сайын бос орындар жәрмеңкелерінде жұмыссыз жастар мен оқу орындарының түлектеріне түрлі жұмыстар ұсынылады, - дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Қамбаров.
Осы уақытқа дейін жәрмеңкелерн «Жастар» сарайында, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ және Есіл университетінде өткізілген. Келесі бос орындар жәрмеңкесі қазан айының 24-іне жоспарланған. Жастарға қызмет көрсету орталықтары және «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттері бар. Бұл пунктерде елорда тұрғындары жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру бойынша тегін кеңес, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады.
Айта кетейік, «Freelance мүмкіндік» жобасы аясында таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер сияқты цифрлық мамандықтарға оқыту жүргізіледі.