Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан астам адам қатысты
Елордада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан астам адам қатысты. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Қаламызда «Жасыл Астана» экологиялық айлығы бастау алды. Жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан астам азамат қатысты. Олардың арасында жастар, еңбек ұжымдары, ШОБ өкілдері, мемлекеттік органдар, қалалық қызметтер, волонтерлер және қаламыздың тазалығына бей-жай қарамайтын азаматтар бар, - деді шаһар басшысы.
Дәстүрлі «Жасыл Астана» экологиялық айлығы 15 қазанға дейін жалғасады.
Қаланы санитарлық тазалаумен бірге көгалдандыру жұмысын да жүргізіп жатырмыз. Дәстүрлі «Жасыл Астана» экологиялық айлығы 15 қазанға дейін жалғасады. Сенбілікке атсалысқан жандарға алғысымды білдіремін! Қаламызды біріге отырып, қазіргіден де жасыл, таза әрі көрікті ететін боламыз, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.