Астанада ЖЭО-3 үшінші қазандық агрегаты іске қосылды
17 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
Бүгін Астанада ЖЭО-3 салу бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде қуаты сағатына 120 Гкалл болатын кВт – 139-150 су жылыту қазандық агрегаты жоспарлы іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info.
Өнеркәсіптік пайдалануға берілген бұл қазандық агрегаты жаңа станция беретін жылу жүктемесін 360 Гкал/сағ дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл елордадағы жылу энергиясының тапшылығын толығымен жабады.
ЖЭО-3 құрылысының графигіне сәйкес, осы жылғы 30 қарашаға қарай төртінші қазандық агрегаттарын іске қосу жопарланып отыр.
Жаңадан салынған қуаттар жылу беруді сағатына 480 Гкал-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл тұрақты жылумен 4,5 млн шаршы метрге дейін тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды қамтамасыз ететін болады.
Ұқсас жаңалықтар