Астанада Қытай компаниясының 10G интернеті сынақтан өткізіледі
фото: freepik.com
Астана әкімдігі Huawei компаниясымен бірге 10G кең жолақты байланыс желісін демонстрациялық сынақтан өткізетін пилоттық жобаны іске асырмақшы, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Астанадағы «Орталық Азия — Қытай» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында қол қойылған құжаттардың бірінде осындай мәмле бар.
Жобаның аты — «Huawei 10G кеңжолақты желісін демонстрациялық сынақтан өткізу» пилоттық жобасын жүзеге асыру. Келісімге Астана қаласының әкімдігі мен «Хуавей Текнолоджиз Казахстан» ЖШС қол қойды.
«Kazakh Invest» компаниясының мәліметі бойынша, жоба аясында 50G PON технологиясы негізінде телекоммуникациялық шешімдерді енгізу көзделген.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
Астаналық боксшы Азиада чемпионы атанды
Бүгін, 18:05
«Білім берудегі және басқарудағы трансформация»: Астанада ұстаздарға арналған конференция өтті
Бүгін, 17:24
Астанада ЖОО-лар арасында үздік жасанды интеллект жобаларының авторлары анықталды
Бүгін, 16:41
Астанада аутизм тақырыбын көтерген еліміздегі алғашқы спектакль – «Құштар» қойылымының премьерасы өтті
