Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы басталды
Астаналық полицейлер 26-28 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуді бастады, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елорданың көшелерінде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында өткізіледі.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері әкімшілік құқықбұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидатын негізге алады.
Астана қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарынан жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуге түсіністікпен қарауды және құқықбұзушылықтарды анықтауға атсалысуды сұрайды.
Егер сіз қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жасау фактілеріне куә болсаңыз, соған қатысты ақпаратқа немесе басқа да маңызды мәліметтерге ие болсаңыз, Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Полиция департаментіне жүгінуіңізді, сондай-ақ, «102» мобильді қосымшасы арқылы немесе 102 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.