Астанадағы құрғақ шөптің жануын сөндіру бойынша жедел ақпарат
Нұра ауданында Талдыкөл көлінің маңында сортаңды жерде шамамен 50 га алаңда қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ТЖ министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнында ТЖ-ды жылдам жою үшін күштер мен құралдарды жедел бөлу мәселесін бақылауда ұстауда.
Елордалық өрт сөндірушілердің 143 адамы және 21 техникасы, ЖАО-дан 11 адам және 10 суару жуғыш машина, 1 трактор және "Астана орманынан" 10 адам және 4 техника, оның ішінде 1 трактор жұмылдырылды.
2 трактор жану периметрі бойынша жерді жыртуда.
Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы жұмыс істеуде.
Ауа температурасы +23 С. Оңтүстік бағытта соққан екпінді желдің жылдамдығы 15 м/с. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.
Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшағы тартылды, 18 рет шамамен 63 тонна су төгінді.
ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасы бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдарының қосымша тобы келе жатыр.