Астанада Орталық саябақтағы жол уақытша жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орталық саябақ ішіндегі жолдың үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 28-31 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
Астаналық боксшы Азиада чемпионы атанды
Бүгін, 18:05
«Білім берудегі және басқарудағы трансформация»: Астанада ұстаздарға арналған конференция өтті
Бүгін, 17:24
Астанада ЖОО-лар арасында үздік жасанды интеллект жобаларының авторлары анықталды
Бүгін, 16:41
Астанада аутизм тақырыбын көтерген еліміздегі алғашқы спектакль – «Құштар» қойылымының премьерасы өтті
