00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадағы музейге Мұстафа Шоқайдың мөртаңбалары табыс етілді (ФОТО)

19 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанадағы музейге Мұстафа Шоқайдың мөртаңбалары табыс етілді (ФОТО)
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін №51 мектеп-гимназия музейіне Мұстафа Шоқайдың мөртаңбалары табыс етілді, деп хабарлады Elorda.info.

19-10.jpg

Іс-шара қаладағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының музейінде өтті.

Салтанатты тапсыру жиынына «Мұстафа Шоқай» зерттеу еңбегінің авторы, Түркиядағы Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, шоқайтанушы Әбдіуақап Қара, қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Әбдіжәлел Бәкір, Мұстафа Шоқай ұрпақтары, Ұлттық музей, Ұлттық кітапхана қызметкерлері, зерттеуші ғалымдар, білім беру саласының өкілдері қатысты.

19-5.jpg

Мұстафа Шоқай 1939 жылға дейін құжаттарына өз қолымен мөрін басқан. Мұнда оның аты-жөні және тұрғылықты мекенжайы француз тілінде жазылған. Бұл мөрді негізі Мұстафа атамның аяулы жары Мария Шоқай өзінің рухани ұлы Әлім Алматқа тапсырады. Кейін Әлім Алмат бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған біртуар азаматттың еңбектерін зерттеушілердің ішінен саяси ғылымдар докторы, мұстафатанушы Бахыт Садықованы таңдап алады, - деді Мұстафа Шоқайдың ұрпағы Гүлбаршын Зайырова.

19-7.jpg

Мөртаңбалар саяси ғылымдар докторы, мұстафатанушы Бахыт Садықовадан Гүлбаршын Зайыроваға аманат ретінде беріліп, мектеп музейіне жеткізілді. 

19-8.jpg

Бүгін – маңызды әрі тарихи күн. 102 жылдан кейін Мұстафа Шоқайдың мөрі өзінің Отанына, жұртына қайтып келіп отыр. Сондықтан бұл Тәуелсіз еліміздің саяси қайраткерінің мөрі жетуі естен кетпейтін ерекше сәт деуге болады. Бұл мөр бүгін қаладағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының музейіне табыс етілді, - деді «Мұстафа Шоқай» зерттеу еңбегінің авторы, тарих ғылымының докторы Әбдіуақап Қара.

19-11.jpg

Сондай-ақ келген қонақтар музейде «Мен қашанда жан-тәніммен сенімен біргемін» атты көрмені тамашалады. Көрмеге БАҚ беттеріне жарық көрмеген Мұстафа Шоқай мен оның жары Мария Горинаның жеке суреттері қойылған. 

19-6.jpg

19-3.jpg

19-2.jpg

19-9.jpg