Астанадағы Министрліктер үйінің кіреберісіне өрт қойған ер адам ұсталды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Бүгін таңертең Астанадағы Министрліктер үйінің кіреберісіне бір ер адам тұтанғыш қоспа лақтырып, салдарынан өрт шыққан. Полицейлер күдіктіні ұстаған деп, хабарлады Elordainfo.kz Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Полиция қызметкерлері Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт қойған 24 жастағы азаматты анықтап, ұстады.
Өрт оқиғасы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 08:03
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

11 қазан, 2025
Елордалық студенттер Астанада өткен «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

11 қазан, 2025
Зиялы қауым өкілдері елорданың «Есіл» ауданында 100 түп ағаш көшетін отырғызды

11 қазан, 2025
Астанадағы «Көктал» саябағында 300-ден аса түп ағаш отырғызылды