Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды
19 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: CABAR.asia
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT жобасының бірінші кешенін салу басталғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
LRT бірінші кешенін іске қосу үшін құрылыс қайта жанданды. Жобаны 2 жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Бас қала әкімінің айтуынша, биыл қаладағы барлық проблемалы үлестік құрылыс пайдалануға беріледі. Бұл жобалар «Нұрлы жер» бағдарламасының екінші кезеңі аясында жүзеге асырылып жатыр.
Биыл наурызда 2030 жылға дейін қалалық реинновация бағдарламасы өзектендірілді. Оның аясында апатты жағдайда тұрған 206 үйдің тұрғындары көшіріледі, - қала басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:36
Елорданың қоғамдық көлік паркі 320 автобуспен толығады
Бүгін, 15:11
Бейбіт атом – таза энергияның қауіпсіз көзі
Бүгін, 15:03
«7 жасар баланы балконнан лақтырмақ болған»: Бес баланың ата-анасына айыппұл салынды
Бүгін, 12:57
Астаналық жастар тұрғындарды экологиялық акцияға қатысуға шақырды