00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада вандализмге қарсы рейд жүргізілді

17 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада вандализмге қарсы рейд жүргізілді
Фото: дереккөз

Астанада вандализм фактілерін және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау мақсатында жылы аялдама кешендерінде рейд жүргізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға қатысты қызметкерлер оның жеке басын анықтайды және қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ, үйсіз адамдарға «Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-нен баспана ұсынылады.

Аталған мекемеде әрбір адам үшін күніне үш рет тегін тамақтану ұйымдастырылған. Сонымен қатар, медициналық тексеру жүргізіледі, құжаттарды ресімдеуге және алуға көмектеседі. Қажеттілік болған жағдайда басқа әлеуметтік және емдеу мекемелеріне оналасуға жәрдемдеседі.