00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада тағы бір Bus Lane жолағы пайда болады

Елордада тағы бір Bus Lane жолағы пайда болады
Фото: Бақтыгүл Бурбаева

Бүгіннен бастап елордада тағы бір Bus Lane жолағы Әл-Фараби даңғылының Ұлы дала даңғылынан Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында екі бағытта іске қосылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазіргі уақытта бұл аудан қарқынды өсіп келе жатқан аудандардың бірі. Бұл көшемен 5 бағдар (№15, 28, 35, 58, 84) бойынша күніне 80 автобус жүреді.

Bus Lane жолағы жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға ықпал етеді.