00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада тағы бір бағдарда автобус саны артады

28 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада тағы бір бағдарда автобус саны артады
Фото: Сұлтан Сейіт

Астанада №50 бағдар бойынша автобустардың саны артты, деп хабарлады Elorda.info.

Жол ақысын төлеу жүйесінің деректеріне сәйкес, бағдарда жолаушылар санының деңгейі жоғары. Сол себепті қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында бағдардағы кестелер саны ұлғаяды.

Автобустардың қозғалыс кестесіне кішігірім өзгерістер енгізіледі, бұл басқа автобустардың жүктемесін төмендетуге көмектеседі. 

CTS жұмыскерлері бұндай жұмыстарды басқа бағыттарға да қатысты жүргізіп жатыр. 

Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуді ұмытпаңыздар! Жол ақысын төлеу арқылы сіздер жолаушылар легін нақты есептеуге көмектесесіздер, ал біз сол көрсеткіш арқылы бағыттарды ұйымдастырамыз, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.