Астанада Тәуелсіздік күніне орай интеллектуалды сайыс өтті
Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Сайысқа 20 мекеме («Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Астана қалалық жарық» мекемесі, «Астана-Аймақтық Электржелілік компаниясы» АҚ, Астана қаласының Полиция департаменті, Есіл ауданының полиция басқармасы, «Қуыршақ театры» МКҚ, Жастар театры, Астана-Энергия АҚ, Байқоңыр ауданының полиция басқармасы, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, №9 «Нұр шашу» балабақшасы, «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК, Астана қаласының №19 орта мектебі, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гиназиясы, №94 мектеп-гимназиясы) қатысты.
Қатысушы командалар «Тест сұрақтары», «Сөзжұмбақ» кроссворд туры, «Үш сурет» медиа туры, «Ән сөзі», «Қазақ киносы», «Ойлан тап» турлары бойынша сынға түсті.
Нәтижесінде I орынды «Астана-Аймақтық Электржелілік компаниясы» АҚ «Шамшырақ» тобы, II орынды Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Ә.Мәмбетов мектебі» тобы, III орынды «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Болашақ» тобы жеңіп алды. Байқауға қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды.