Астанада Тұран даңғылы бойында қозғалыс ашылды
Қазіргі уақытта Орынбор көшесі мен Тұран даңғылы қиылысатын аумақта магистральдық кәріз коллекторын салу жұмысы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұран даңғылының бойымен көлік қозғалыс екі бағытта да ашық. Бақылау камераларын орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты қалаға Ұлы дала көшесі арқылы кіретін бағыт бойынша шеткі оң жақ жолақ және Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне қарай оң жақ бойында қозғалыс шектеледі, - деп жазды дереккөз.
Бірақ бұл жалпы қозғалысқа әсер етпейді, өйткені қозғалыс екі бағытта да ашық.
Бұл жобаны іске асыру елорданың инженерлік инфрақұрылымын дамыту және тұрмыстық кәріз желілерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өте қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!, - делінген әкімдік ақпаратында