Астанада тұрғын үйлерге дабыл құрылғылары орнатылды
Астанада жылыту маусымының басталуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған орай, Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен, «Байқоңыр» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасымен, Ювеналды полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы жер үйлерді аралау жұмысын жалғастырып жатыр.
Ic-шара кезінде әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, сондай-ақ зейнеткерлер тұратын үйлерге өрт қауіпсіздігі үшін дабыл құрылғылары орнатылуда.
Дабыл құрылғылары (датчик) дыбыстық және жарық сигналдарын бере отырып, тұрмыстық үй-жайларда көміртегі тотығының дабыл және авариялық концентрациясының белгіленген шегінен асып кетуін үздіксіз бақылауға арналған.
Іс-шара барысында Байқоңыр ауданы бойынша барлығы 4200-ге жуық тұрғын үй секторын қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда 3000-нан аса тұрғын үй секторында аралау жұмысы жүргізіліп, 51 жеке секторда аталған датчиктер орнатылды, - деп жазылған әкімдік сайтында.
Бұдан басқа, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында қажетті үйлерде түтін мұржаларын тазарту жұмысы жүргізілетін болады.