Астанада су тапшылығы мәселесі қалай шешіледі? (ВИДЕО)
Астанада су тапшылығы мәселесі ең бірінші орынға шығады. Бүгін Сенат отырысында депутат Бибігүл Жексенбай елордадағы су тапшылығы мәселесін көтеріп, оны шешу үшін бірнеше ұсыныс айтты, деп хабарлады Elorda.info kazaknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана су арнасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны сумен қамтамасыз ету бойынша жобалық қуаттардың жеткіліксіз екенін айтып, тұрғындарға суды кесте бойынша төмен қысымда беруге мәжбүр екенін жеткізген болатын. Сонымен қатар Есілдің сол жағалауынан көпқабатты үйлердің тығыз салынуы әсер етеді. Сондықтан алдағы уақытта қалада салынып жатқан көпқабатты үйлердің бәріне тексеріс жүргізіп, қанша мөлшерде су жұмсалып жатқанын есептеу керек, - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай.
Айта кету керек, Сенат депутаты аталған мәселені шешу үшін мынандай ұсыныстар айтты:
“Ертістің суын Қаныш Сәтпаев каналы арқылы елордаға бұру бойынша жобадан басқа да баламалы бағыттарды да қарастыру”;
“Суды бөлудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес халықаралық құқыққа негізделген транс шекаралық су ресурстарын басқарудың жаңа моделдерін ойластыру”;
“Су тапшылығы проблемасы бар елдерде сәтті қолданып жатқан суды үнемдеуге септігін тигізетін заманауи ұтымды инновациялық технологияларды барынша тарту”;
“Суды үнемдеу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарды барынша күшейту”;
“Су шаруашылық саласындағы кәсіби мамандардың су шаруашылығы, инженерлердің суды тазартудың, суды қамтамсыз етудің су шаруашылығы құрылыстарын заманауи технологияларын игерген мамандарды даярлау”;
“Су ресурстарының кешенді басқару саласындағы ғылыми зерттеулерді және білім беру жүйесінің әдістемесін жаңарту”.