Астанада студенттерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
14 сәуірде Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде студенттерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шарада 20-дан астам жұмыс беруші 150 студентке өз қызметі мен бос жұмыс орындары туралы түсіндіріп берді.
Елорда халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары студенттерге тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді, сондай-ақ «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу туралы ақпаратпен бөлісті.
Сондай-ақ, іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мамандары қатысып, мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу тәртібін түсіндірді.
Жұмыс берушілер арасында «Астана-Зеленстрой» ЖШС, «Жасыл жер» ЖШС, «Жасыл Аймақ» РМК және университеттің басқа да көптеген әлеуметтік серіктестері сияқты кәсіпорындардың өкілдері қатысты.