00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада Сирия бойынша кезекті халықаралық кездесу өтіп жатыр

Астанада Сирия бойынша кезекті халықаралық кездесу өтіп жатыр
фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл кездесуге қатысу үшін елордаға 11 делегация келді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Сирия Үкіметінің келіссөз тобына Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрдің орынбасары Айман Раад жетекшілік етсе, Сирия оппозициясы атынан Ахмад Тома басшылық етуде.

Сонымен қатар кездесуге кепілгер елдердің делегациялары қатысуда: Ресей делегациясын Сириядағы жағдайды реттеу бойынша РФ Президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын ТР СІМ-нің Екіжақты саяси қатынастар жөніндегі бас директоры Мустафа Юрдакул, ал Иран делегациясын ИИР СІМ-нің Арнайы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Али Асгар Хаджи басқаруда.

Келіссөздерге бақылаушы ретінде Иордания, Ливан және Ирак өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы және Қызыл Крест өкілдері қатысуда.

Бұған дейін хабарланғандай, 11-12 қарашада делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары өтеді. Олардың қорытындысы ретінде делегация басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс пен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.