00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Шаңырақ» атты жаңа мурал пайда болды

Астанада «Шаңырақ» атты жаңа мурал пайда болды
Фото: дереккөз

Сарыарқа ауданы Қарталы көшесі, 5/1 мекенжайында «Шаңырақ» атты жаңа мурал пайда болды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақ отбасы ұлттық киіммен өрнектелген бұл муралда салт-дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығы, бірлігі бейнеленген.

Муралдың орталық элементі – шаңырақ, яғни қазақ үйдің жоғарғы бөлігі, тектілік, қарашаңырақ (үй) бейнеленген.

Шаңырақ қазақ мәдениеті мен отбасылық құндылықтардың негізін білдіреді. Жанұя бейнесінің жоғарғы тұсындағы шаңырақтың суреті отбасымен тығыз байланысты, үйлесімділік пен ата-бабаларға деген құрметтің маңыздылығын еске салады.