Астанада патрульдік полицей тұрғын үйдегі өрттің алдын алды
15 тамыз, 2024
Торғын Аман
коллаж Elorda.info
Полиция капитаны Жарқынбек Шонтықов Астананың Ақыртас көшесіндегі жеке үйлердің бірінің мұржасынан қою түтін шығып жатқанын байқап, тілсіз жаудың алдын алды, деп хабарлады Elorda.info.
Оқиға орнына дереу жеткен ол тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен. Жоғары кәсібилік таныта отырып, адамдарды қауіпті аймақтан шұғыл түрде алып шығып, содан кейін ғимараттың шатырына өрмелеп өртті сөндіру үшін қолда бар құралдарды пайдаланған. Өрт дер уағында ауыздықталып, одан әрі таралуына жол берілмеді.
Полиция капитаны Жарқынбек Шонтықов ішкі істер органдарында 12 жылдан астам қызмет етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:27
Smart Astana қосымшасы арқылы балабақша кезегіне қалай тұруға болады
Бүгін, 11:45
Елордада Қарлығаш Бәкенқызының 80 жас мерейтойына арналған бенефис-концерт өтті
Бүгін, 10:29
Елордадан бір түнде 25 мың текше метрден астам қар шығарылды
Бүгін, 09:33
Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі