00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі

Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі
фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана әкімдігі Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін төлем мөлшерін 2,5 есеге ұлғайтты, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, астаналық ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі. Қазір елордада 6 ардагер тұрады.

Бұдан басқа, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер де (Чернобыль АЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) төлемақы алады: ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқандар, Ленинградта блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, әскери қызметшілер, жарақат салдарынан мүгедектігі бар адамдар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуінен генетикалық жолмен берілгендерге – 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде ақы беріледі.

Өзге мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері (Ауғанстандағы әскери қимыл ардагерлерінен басқа), тәжік-ауған секторында, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында тапсырмаларды орындаған әскери қызметшілер, Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқандар – 45 АЕК (176 940 теңге) алады.

«Ардагерлер туралы» ҚР заңында көзделген өзге де тұлғаларға (тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы) – 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде ақы алады.