Жазғы Азия ойындарына қай өңірдің спортшылары көп барады

18 қыркүйек, 2026
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
Жазғы Азия ойындарына қай өңірдің спортшылары көп барады
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

2026 жылдың басты додасы саналатын Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарының басталуына 1 күн ғана қалды. Осы орайда Elordainfo.kz тілшісі 16 облыс және 3 мегаполистен баратын спортшыларға шолу жасады.

Қазақ спорты үшін басты дода — Олимпиада екендігі белгілі. Алайда төрт жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындарында 100-ден астам ғана жерлестеріміздің өнерін тамашалай аламыз. Ал жазғы Азия ойындарына Қазақстан құрамасы ең көп спортшысын жібереді. Мысалы, 2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарына 525 спортшы қатысса, биыл рекордтық 558 отандасымыз жүлдеге таласады. 

Бұл қай өңір спортқа қаншалықты көңіл бөліп жатыр? Қай өңір алда және артта т.б сұрақтардың жауабын анықтауға мүмкіндік болмақ. 

1. Алматы қаласы — 124 спортшы (2023 жылы 108 спортшы барған)

Алматы қаласынан ТОП-3 спортқа Регби-7 (18 адам), семсерлесу (9 адам), киберспорт пен көгалдағы хоккей (8 адам) кіреді. 

2. Астана қаласы — 75 спортшы (2023 жылы 70 спортшы болған)

Елордамыздың ТОП-3 спортына баскетбол 5×5 (9 спортшы), көркем гимнастика мен академиялық ескек есу (7 адам) кіреді. 

3. Шымкент қ. — 51 спортшы (2023 жылы 64 спортшы болған)

Шымкенттен ТОП-3 спортқа гандбол (8 спортшы), стенд ату (8 спортшы), байдарка және каноэда есу мен нысана көздеу (5 спортшы) кіреді. 

4. Қарағанды облысы — 43 спортшы барады (2023 жылы 35 спортшы барған)

Қарағанды облысынан ең көп жеңіл атлетика (8 спортшы), әртістік жүзу (6 спортшы),  академиялық ескек есу мен үстел теннисі (4 спортшы) кіреді. 

5. Жамбыл облысы — 34 спортшы (2023 жылы 33 спортшы барған)

Жамбыл облысынан ең көп спортшы су добынан (18 адам) барады.  

6. Түркістан облысы — 32 спортшы (2023 жылы 26 спортшы барған)

Түркістан облысының ТОП-3 спортына гандбол (10 адам), академиялық есу (6 спортшы), байдарка және каноэда есу (4 спортшы) кіреді. 

7. ШҚО — 30 спортшы (2023 жылы 27 спортшы барған)

Шығыс Қазақстан облысы атынан ТОП-3 спортқа жеңіл атлетика (11 спортшы), семсерлесу (5 спортшы), ескек есу (5 спортшы) кіреді. 

8. Жетісу облысы — 27 спортшы (2023 жылы 36 спортшы барған)

Жетісу облысынан регбиден 7 спортшы, волейболдан (6 спортшы), садақ атудан 5 адам барады.

9. Алматы облысы —  25 спортшы (2023 жылы 12 спортшы барған) 

Алматы облысына желкенді спорт (5 адам), жағажай волейболы (4 спортшы), ушу (2 адам) кіреді. 

10. Ақтөбе облысы — 20 спортшы (2023 жылы 12 спортшы барған)

Гандболдан (5 спортшы) және волейболдан 4 спортшы барады.

11. Қостанай облысы — 14 спортшы (2023 жылы 11 спортшы барған)

Қостанай облысының 4 спортшысы джиу-джитсудан өнер көрсетеді. 

Ақмола облысы — 14 спортшы (2023 жылы 15 спортшы барған)

Ақмола облысы атынан баратын ТОП-3 баскетбол 5×5 (4 спортшы), джиу-джитсу (3 спортшы) кіреді. 

12. Қызылорда облысы — 13 спортшы (2023 жылы 23 спортшы барған)

Қызылорданың спортына көгалдағы хоккей (6 спортшы) кіреді.

13. СҚО — 11 спортшы (2023 жылы 6 спортшы барған) 

Волейбол (3 спортшы) мен тас жолдағы велоспорттан (2 спортшы) көп барады.

Павлодар облысы — 11 спортшы (2023 жылы 16 спортшы барған) 

Павлодар өңірінен киберспорт пен жеңіл атлетикадан 2 спортшыдан барады. 

14. Маңғыстау облысы — 10 спортшы (2023 жылы 12 спортшы барған) 

Маңғыстау облысының көшбасшы спортына баскетбол 5×5 (4 спортшы), кіреді. 

- БҚО — 10 спортшы (2023 жылы 9 спортшы барған) 

Батыс Қазақстан облысы 10 спорт түрінен сынға түседі.

- Атырау облысы — 10 спортшы (2023 жылы 11 спортшы барған) 

Дзюдо мен 3×3 баскетболдан, 3 адамнан қатысады. 

15. Абай облысы — 4 спортшы (2023 жылы ешкім қатыспады) 

Дзюдо (2 спортшы), семсерлесу мен кураштан жүлдеге таласады

Ұлытау облысынан ешкім қатыспайды.

Айта кетейік, Аичи-Нагоядағы Азия ойындары 19 қыркүйек — 4 қазан күндері аралығында өтеді.