Астанада оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру шаралары басталды
11 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру шаралары басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Елордада 11-13 қаңтар аралығында оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі.
Полицейлер ең криминогендік учаскелерді, жалға берілетін тұрғын үй-жайларды аралады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жедел шаралар барысында құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды есепке алып, заңсыз сақталған қару мен тыйым салынған басқа да заттарды тәркілейтін болады.
Ұқсас жаңалықтар