00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада №10 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

27 маусым, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астанада №10 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
Фото: Оңалхан Өнерхан

29 маусымнан №10 бағдардың әуежай бағытындағы қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлады Elorda.info.

«Енді бағдар «Хан шатыр» СОО арқылы жүрмейді. Д.Қонаев көшесінен Қабанбай батыр даңғылына бұрылады. Осылайша екі бағыттағы сызбасы бірдей болады.

Бағдардың сызбасы түзулікті арттыру, техникалық сипаттамаларын жақсарту мақсатында өзгертіледі. Бұл бағдардың жүру қашықтығын 1 шақырымға, айналым уақытын 3 минутқа және қозғалыс аралығын қысқартуға ықпал етеді», - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.

Бағдардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап, танысуға болады.