Астанада «Нұржол» бульварының учаскесі уақытша жабылады
24 мамыр, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Нұржол» бульварының Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты 25-31 мамыр аралығында алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, содан кейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады. Учаскелердегі қозғалыс толығымен жабылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

17 маусым, 2025
Сығанақ көшесі мен Қабанбай батыр даңғылында 7500 ағаш отырғызылады

17 маусым, 2025
«Астана Балет» «Carmina Burana» балет-кантатасының премьерасымен театр маусымының шымылдығын жабады

17 маусым, 2025
Елордадағы автобус апаты: Алуа Бекен ауруханадан шықты

17 маусым, 2025
«Таза Қазақстан»: стритфишинг чемпионатының қатысушылары турнирден кейін аумақты тазалады