00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада Мемлекеттік рәміздер күні қандай іс-шаралар өтеді

Астанада Мемлекеттік рәміздер күні қандай іс-шаралар өтеді
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың арасында челлендж, көрме, түрлі акциялар, мерекелік концерттер бар, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

4 маусым күні Қаламгерлер аллеясында «Кітап қала» ашық аспан астындағы кітапхана базасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Бұл күні сағат 14.00-16.00 аралығында «Байтерек» монументі алдында «Мен Қазақстанның патриотымын!» әскери-музыкалық патриоттық шеру өтеді.

Сондай-ақ, қалалық Арбат пен қалалық орталық саябағында «Рәміздерім-айбыным» акциясы өтеді. Оның аясында қала тұрғындарына мемлекеттік жалаушалар таратылып, викторина ойнатылады және қатысушыларға сыйлықтар табысталады.

Сағат 19:00-де қалалық арбатта «Менің елім!» патриоттық әндер шеруі өтеді.

Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған виртуалды көрме өтеді.

Білім беру мекемелері мен ұйымдарында бірқатар іс-шара өтпек. Олар: «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» пікірсайысы, ҚР Мемлекеттік рәміздері тақырыбына арналған олимпиада, «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» танымдық сағаттары, «Елімнің рәміздері» жас ақындар байқауы, «Атамекен» атты патриоттық өлеңдер орындау бойынша челлендж, «Ел рәміздері – ел рухы» кітап көрмесі, «Елімнің Рәміздер күні» балалар жұмыстарының қалалық көрмесі, «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» концерттік бағдарламасы, «Рәміздерім – мақтанышым!» мерекелік концерті ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, 3-4 маусым күндері Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай мемлекеттік және бағынысты мекемелерде «Мен Қазақстанның патриотымын!» мерекелік іс-шаралары жоспарда бар.

Мемлекеттік мекемелер, аумақтық органдар, бағынысты ұйымдар және т.б. арасында «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» жалпықалалық патриоттық акция-челленджі өтеді.

Әлеуметтік желілерде бір уақытта Мемлекеттік Тудың тұсында түскен сурет орналастыра отырып, «Менің туым – менің мақтанышым!» жалпыұлттық челленджі ұйымдастырылады.

Маусымның алғашқы күндерінен бастап, "Туымыз - төрімізде!" патриоттық акция өткізілуде. Оның аясында ҚР Мемлекеттік туларын тұрғын үйлер мен ғимараттардың балкондары мен терезелерінде желбірету іс-шарасы қолға алынды. Жалпы 1000 жуық Мемлекеттік Тулар тұрғын үйлерге ілінді.