Астанада мектеп түлектеріне 150 грант бөлінді
Астанада алдағы оқу жылында халықтың әлеуметтік осал тобы санатына жататын 150 мектеп түлегі жоғары оқу орындарында тегін оқитын болады. Олардың оқу ақысын төлеуге жергілікті бюджеттен грант бөлінді. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Ерлан Каналимовтың сөзінше, әлеуметтік көмектің мөлшері оқу ақысына тең және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінен аспайды.
Медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтар таңдаған түлектерге басымдық беріледі.
Атап өтерлігі, елордалық мәслихаттың шешімімен әлеуметтік жағдайы төмен балалардың тегін оқуына жыл сайын гранттар бөлінеді. Өткен жылы 100 адам осы мүмкіндікті пайдаланған болатын.
«Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, «Жастар рухы» белсенділерінің және жас спортшылардың арасынан шыққан түлектер биыл «Синергия» университетінде және «Astana International University»-де бірінші курсты аяқтайды. Тағы 40 адам елорданың Жоғары көлік және коммуникация колледжінде, сондай-ақ М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледжінде тегін оқиды. Астана қаласы мәслихатының атынан гранттар беру дәстүрі биыл да жалғасады. Былтыр қалалық мәслихат депутаттары жетекшілік ететін кәсіпорындар мен мекемелерге 200-ден астам түлектердің жұмысқа орналасты, - деп жазды мәслихат төрағасы.