Астанада мәслихат депутаты Берік Жәкеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтайды
Астана қаласының мәслихат депутаты Берік Оралұлы Жәкеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтайды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңыгның 20-бабы, 3-тармағының 1-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, депутаттың ҚР заңнамасына сәйкес, депутаттық міндеттерді орындауымен сыйымсыз лауазымға тағайындалуы туралы өтінішхат беруіне байланысты, Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы қалалық мәслихат депутаты Берік Оралұлы Жәкеновтың өкілеттігін тоқтату туралы биыл 5 мамырда №19 шешімді қабылдады. Осыған байланысты Астана қаласының мәслихатына ұсыныс енгіземіз, - деді Астана қалалық Cайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова мәслихат отырысында.
Елордалық мәслихат бұл шешімді бірауыздан мақұлдады.