00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада мүгедектігі бар адамдарға қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі?

7 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада мүгедектігі бар адамдарға қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі?
Фото: Астана қаласының Коммуникациялар қызметі

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары Еркебұлан Мәліктің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының стратегиялық міндеті мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік дамыту және қолдау болып табылады.

Елордада 33 мыңға жуық (33 358) мүгедектігі бар адамдар тұрады, ересектер – 24 647 адам, балалар – 8 711 адам.

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-шы шешімімен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүретін санаторлық-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу түріндегі төлемдер мөлшері ағымдағы жылдың 4 қарашасынан 35 АЕК-тен 55 АЕК-ке ұлғайтылды. Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарға оңалту және абилитация жеке бағдарламасына сәйкес оңалту қызметтерімен, оның ішінде әлеуметтік және кәсіптік қызметтерімен қамтамасыз етіледі, - деді Еркебұлан Мәлік. 

Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету бөлігінде әлеуметтік оңалту шараларымен Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 28 мыңнан астам мүгедектігі бар адам (2022 жылы 17 мың) қамтылды.  Мүгедектігі бар, жүріп-тұруында қиындықтары бар адамдарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға «Инватакси» көлігі тегін қызмет көрсетеді. 

«Инватакси» қызметі 5 бағыт бойынша 117 «Инватакси» автокөлігін (16 мамандандырылған және 101 жеңіл автокөлік) пайдалана отырып, күніне орта есеппен 1 167 тасымалдау көрсетіледі. Қызмет алушыларды толық қамту, сондай-ақ инватакси қызметтерін көрсету механизмін өзгерту, сапасы мен жылдамдығын арттыру аясында елордада 2023 жылдың 10 шілдесінен бастап Яндекс Go қызметі арқылы пилоттық жоба іске қосылды. Оған 195 мүгедектігі бар адам қатысты (оның ішінде 128 мүгедектігі бар бала, 23 көру қабілеті шектеулі және 18 жастан асқан ДКК ұсынысымен 61 мүгедектігі бар адам), 11 144 тасымал (6,5 млн. теңге) жүзеге асырылды.

Қала әкімдігі 2023-2027 жылдарға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта сапасының мониторингін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын бекітті. «Алматы», «Сарыарқа», «Байқоңыр» және «Есіл» аудандары әкімдерінің аппараттарында нысандарды паспорттау бойынша жұмыс топтары құрылды. 2023 жылға 219 нысан көлемінде паспорттау және бейімдеуге жататын объектілердің тізбесі дайындалды. Бүгінгі күні жұмыс топтары барып, 219 нысанның 200 нысаны (78,8%) сараптамадан өтті, оның ішінде 104 нысан бейімделді. Жұмыс жалғасуда. Аудан әкімдіктері берген, мониторинг топтарының және ҚНжЕ ескертулеріне сәйкес, объектілердің меншік иелері (баланс ұстаушылары), ескертулерді жою бойынша жұмыстарды жүргізілуде).

Басқарма ведомстволық бағынысты 10 мекеменің қызметін үйлестіруші болып табылады. Оның ішінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандартына сәйкес, 6 ұйым арнаулы 8 түрі бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Ағымдағы кезеңде 3 928 мүгедектігі бар адам (оның 2 805-і балалар) арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды (мемлекеттік мекемелер – 1 583  адам, ҮЕҰ – 2 345 адам). Жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ҮЕҰ-н қаржыландыру жүзеге асырылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ҮЕҰ саны 2019 жылы 5 (522 адам) болса, 2023 жылы 8-ге (2 345 адам), қызмет алушылардың саны 2019 жылдан 1823 адамнан 2 345 адамға өсті.

Жеке оңалту және абилитация бағдарламасына сәйкес, еңбекке жарамды жастағы мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары қарастырылған. 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 1 288 мүгедектігі бар адам қамтылды. «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталында (www.enbek.kz) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша 418 жұмыс орны бойынша 132 бос жұмыс орны бар. Есепті кезеңде 39 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, - деп қорытындылады Еркебұлан Мәлік.