00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Арзан көлік сатамын: Астаналықтардың 37 млн теңгесін жымқырған алаяқ сотталды

26 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Арзан көлік сатамын: Астаналықтардың 37 млн теңгесін жымқырған алаяқ сотталды
фото: Бақтыгүл Бурбаева

Бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін қала тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады Elorda.info.

Қылмыскер өзін жоғары лауазымды шенеуніктің туысы ретінде таныстырып, жәбірленушілерге қаржы ұйымынан есептен шығарылған, өкілдік санаттағы автокөліктерді нарықтан төмен бағамен сатып алуды ұсынған.

Осылайша, сотталған жәбірленушілердің 37 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Бастапқыдан автокөліктерді сатып алу ниеті болмағаны, ол өзінің нұсқасын жәбірленушілерден барынша пайда алу үшін ойлап тапқаны дәлелденді. Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді, - деді Астана қаласының прокуратурасы.